COVID-19: Елімізде науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі өзгерді
Жарияланған күні:
Қазақстанның бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов COVID-19 дертін жұқтыру қаупі жоғары адамдарды оқшаулау тәртібін реттейтін жаңа қаулыға қол қойды. Құжат Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланды.
Құжатта COVID-19-бен ауыратын пациентпен жақын байланыста болған адамдарда коронавирусты жұқтыру тәуекелі жоғары болатыны сөз етілген.
Қаулыға сәйкес, COVID-19 дертін жұқтырғаны анықталған науқаспен жақын байланыста болғандардың қатарына келесілер еніп отыр:
- COVID-19 жұқтырған науқаспен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;
- COVID-19-бен ауыратын науқаспен немесе науқастың инфекциялық бөлінділерімен (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.) қорғалмаған әрі тікелей байланыста болған адам;
- ЖҚҚ (қорғаныш маскасын) пайдаланбай жабық үй-жайда (мысалы, сыныпта, ауруханадағы күту бөлмесінде және т. б.) COVID-19 жұқтырған науқаспен бірге 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде 1,5 метрден кем қашықтықта болған адам;
- COVID-19 дертін жұқтырған науқасқа тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;
- ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, пойызда, COVID-19-бен ауыратын науқастан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта отырған адам, сондай-ақ COVID-19-бен ауыратын науқас ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері.
"Жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 14 тәулік бұрын басталуы керек және COVID-19 жағдайын оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс", - делінген құжатта.
COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарға қатысты қолданылатын шаралар келесідегідей:
- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) 14 күнге үйде оқшаулануы (үй карантині) тиіс.
Оқшаулаудың 3-ші күні науқаспен байланыста болған адамды (жақын байланыс) ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өткізеді. ПТР зерттеу теріс болған жағдайда МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) нақтылайды, 14 күн өткеннен кейін COVID-19 белгілері болмаған жағдайда карантин мен оқшаулау аяқталады.
ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған жағдайда МСАК маманы Санитариялық-эпидемиологиялық комитеттің аумақтық бөлімшесіне жедел хабарлама береді.
- COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) МСАК маманының медициналық тексеруінен өтеді.
COVID-19 белгілері болмаған жағдайда байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді, МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) нақтылайды.
Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам ПТР-тест нәтижелерін алғанға дейін ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтіп, үйінде оқшаулануы (үй карантині) тиіс. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.
Қаулы 2021 жылдың 20 қыркүйегінде өз күшіне енеді.
Құжаттың толық нұсқасымен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932843-covid-19-elimizde-nauqastarmen-bailanysta-bolgan-adamdardy-oqsaulau-tartibi-ozgerdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.