Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АШМ қарасты "Фитосанитария" ұйымының басшылығы пара алу күдігіне ілінді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Фитосанитария" ШЖҚ РМК басшылығына – К–ға қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Аталған тұлға "Фитосанитария" ШЖҚ РМК-ның 11 аумақтық филиалына жеткізілетін тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компаниялардың өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыпталуда. Барлық ұсталған адамдар тергеумен ынтымақтастыққа келді және мойындау айғақтарын беруде", - делінген таратылған хабарламада.

Күдіктінің кінәлілігі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932852-asm-qarasty-fitosanitariya-uiymynyn-bassylygy-para-alu-kudigine-ilindi/

pixel