Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда орталық алаңда қолғап түйістірген жастардың видеосы тарады

Опубликовано:

Оқиға орны
Видеодан кадр: Әлеуметтік желілер

Талдықорғанда орталық алаңда қолғап түйістірген жігіттердің әрекеті видеоға түсіп қалды. Бұл жайтқа қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде жарияланған видео авторының сөзінше, аталмыш жайт облыстық және қалалық әкімдік орналасқан орталық алаңдағы скверде болған.

Видеодан екі жігіттің боксшылардың қолғабын киіп, жұдырықтастып жатқанын байқауға болады. Бейнежазбаны көрген қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды.

Бірі қауіпсіздік мақсатында бокс қолғабын кигендерін қолдаған. Екінші бір топ спаррингті қоғамдық орында емес, спортзалда өткізу керек екенін айтуда.

"Бұл үшін спортзалы бар. Бұл қоғамдық орын, мұнда кішкентай балаларымен және үлкендермен серуендейді", "Бастысы пышақ, қарусыз. Бәрі біреуіне жабылып жатқан жоқ, қолғап киіпті, жарайсыңдар", "Басқа орын таппады ма? Мұның кімге керегі бар", - деп жазды желі қолданушылары.

Алматы облысы полиция департаменті болған жайтқа пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, жекпе-жекке қатысқандар анықталып, жауапқа тартылған.

"Аталмыш жайт 19 қыркүйек күні сағат 21:30 шамасында қалалық алаңдағы скверде болған. Ұйымдастырылған іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жанжал қатысушыларын анықтады. Олар 2002 және 2005 жылы туған Талдықорған тұрғындары. Ұсталғандар түсініктемесінде арнайы бокс қолғабын киіп, спорттық спарринг ұйымдастырғанын айтты. Бұл ретте олар қандай да бір арам пиғыл болмағанын атап өтті. Зардап шеккендер жоқ", - дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама толтырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932931-taldyqorgandagy-ortalyq-alanda-zartylai-sesinsen-zigitter-zekpe-zekke-syqty-video/

pixel