Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналист Қымбат Досжан басшылық қызметке тағайындалды (фото)

Опубликовано:

Тележүргізуші
Фото: Instagram/kymbatdoszhan

"Balapan" телеарнасының директоры болып журналист, тележүргізуші Қымбат Досжан тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан Ұлттық арнасының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Қымбат Досжанның қазақ телевизиясында 40 жылға жуық уақыт тәжірибесі бар.

Ол "Qazaqstan" телеарнасы Жаңалықтар қызметінің продюсер-жүргізушісі, Қазақ радиосының жүргізушісі, Қазақ радиосының бас редакторы міндеттерін атқарды.

Қазіргі уақытта "Qazaqstan" телеарнасындағы "Қымбат жандар" авторлық әлеуметтік бағдарламасының жүргізушісі.

"Телерадиокорпорация салада, оның ішінде, Корпорация құрамындағы теле және радиоарналарда ұзақ уақыттан бері қажырлы еңбек етіп келе жатқан мамандарға үнемі басымдық береді. Бүгінгі тағайындаулар да осы ұстаным бойынша жүзеге асып отыр", - дейді басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Айта кетейік, бұған дейін "Balapan" телеарнасының директоры қызметін журналист Мақпал Жұмабай атқарған еді. Телерадиокорпорациясы басшылығының шешімімен ол "Қазақстан" телерадиокорпорациясы басқарма төрайымының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мақпал Жұмабай корпорацияда 13 жылдан бері қызмет етіп келеді. "Qazaqstan" телеарнасының таңғы бағдарламалар бірлестігінің шеф-редакторы, "Balapan" телеарнасының шеф-редакторы, продюсері міндеттерін атқарған.

2018 жылдан бүгінге дейін "Balapan" телеарнасының директоры болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932955-belgili-zurnalist-qymbat-doszan-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy-foto/

pixel