Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс: Сот орындаушылары жаңа деректі жария етті

Опубликовано:

Атыс болған жер
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыдағы атыс салдарынан әріптесі қайтыс болған сот орындаушылары қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Қазақстанның жеке сот орындаушылары республикалық палатасының ресми сайтында хабарланды.

"Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Қаза болғандардың артында отбасы мен кәмелетке толмаған балалары қалды", - деп жазылған хабарламада.

Сот орындаушылары жанжалға екі жеке тұлғаның арасындағы дау себеп болғандығын айтуда. Электронды аукционнан тұрғын үйді сатып алған азамат бұрынғы үй иелерін шығару үшін сотқа жүгініп, көмек сұраған.

Өткен жылдың 10 маусымында сот жаңа қожайынның арызын қанағаттандырған. Жеке сот орындаушыларының айтуынша, борышкерге сот шешімінің орындау қажеттілігі туралы бірнеше рет хабарланған.

Алайда, үйден шығару туралы сот бұйрығын орындау кезінде қайғылы жағдай болып, салдарынан бес адам қаза тауып отыр.

"Жеке сот орындаушыларының кәсіби қоғамдастығы қаза болғандардың отбасыларына жан-жақты қолдау мен қажетті көмек көрсетеді", - деп толықтырды жеке сот орындаушылары республикалық палатасы.

Еске сала кетейік, Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933018-sot-oryndausylary-almatydagy-atysqa-qatysty-tyn-aqparat-zariya-etti/

pixel