Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте шенеуніктердің төбелескені рас па: Экология министрлігі тексерісті бастады

Жарияланған күні:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: Михаил Козачков YouTube арнасы

Желіде бірнеше ер адам арасындағы төбелестің видеосы пайда болды. Расталмаған ақпарат бойынша, олардың арасында Шымкент қаласы экология департаментінің қызметкерлері бар.

Журналист Михаил Козачков Telegram-дағы ресми каналында төбелестің видеосын жариялады.

Видеоны жіберген адамдардың мәліметінше, кадрларда Шымкент экология департаментінің бастығы Оразғали Егембердиев пен оның орынбасары Серік Сарбасов бейнеленген.

Сондай-ақ, журналист өзінің жазбасымен қоса бейнежазбадан алынған фотосуреттер мен кадрларды жариялады. Онда төбелеске қатысушылардың жүздері айқын көрінеді.

Видеодан жанжал жеке үйдің аумағында түнгі уақытта болғанын да байқауға болады. Басында ер адамдар әңгіме айтып отырады, кенет олардың бірі екіншісінің бетінен ұра бастайды. Сөйтіп төбелес басталады.

Ал басқа видеода қонақтар фазендадан шығып кетеді, бірақ біреуі бастаған ісін соңына дейін жеткізуге тырысады да, қайта оралады.

Бұл жайтқа қатысты пікір алу үшін Aibat жаңалықтар қызметінің тілшілері қалалық экология департаментіне жүгінген. Алайда Оразғали Егембердиев жұмыс орнында болмаған. Оның орынбасарларымен де хабарласу мүмкін болмаған.

Ал мемлекеттік қызмет істері агенттігі қазірдің өзінде бейнероликті зерттеп, барлық жағдайды анықтап жатқанын хабарлады.

"Біздің департаментке бұл мәселе бойынша ақпарат келіп түсті. Қазір мәлімет жинап жатырмыз. Әзірге ақпарат бере алмаймыз", – дейді МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Қазыбек Ерболат журналистерге.

Ақпараттық қызметтің хабарлауынша, экология министрлігі бұл оқиғадан хабардар. Ведомство қызметтік тексеріс жүргізуде. Олар тексеру аяқталғанша қандай да бір пікір білдіруден бас тартып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933034-symkentte-seneunikterdin-tobeleskeni-ras-pa-ekologiya-ministrligi-tekserudi-bastady/