Алматыдағы атыс: Қаза тапқан полицейлер марапатталды (фото)
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев қаза тапқан полиция қызметкерлері Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің отбасыларына барып, көңіл айтты деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомствоның басшылығы, ішкі істер органдарының жеке құрамы атынан қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласының әкімдігі көз жұмған тәртіп сақшыларының отбасыларына тұрғын үй береді.
Сонымен қатар, ішкі істер министрінің бұйрығымен тәртіп пен заңдылықты соңына дейін күзеткен учаскелік инспекторлар “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге косқан үлесі үшін” медальдарымен марапатталды.
- Алатау аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбайұлы 1982 жылы туған. Ол Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясының магистратурасын бітіргеннен кейін 2003 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті. 2021 жылдың тамызында учаскелік инспектор лауазымына тағайындалған болатын. Осы салада қызмет еткен жылдар ішінде ол 6 марапатқа ие болды, оның ішінде “Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін” 3-дәрежелі медалімен, сондай-ақ, “Қазақстан полициясына 25 жыл” төсбелгісімен марапатталды. Үйленген, кәмелетке толмаған бес баласы бар.
- Алатау аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы 1988 жылы туған. Ол ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет еткен. Тәртіп сақшысы 13 марапатқа ие болған, оның ішінде “Үздік құтқарушы жауынгер” және “Қазақстан полициясына 25 жыл” төсбелгілерімен марапатталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933116-almatydagy-atys-qaza-tapqan-policeiler-marapattaldy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.