jitsu gif
Оқыс оқиға

    Нұр-Сұлтан орталығындағы ғимараттардың бірі отқа оранды (фото, видео)

    1
    Скриншот: t.me/saigez

    Нұр-Сұлтан қаласының орталығындағы ғимараттардың бірі отқа оранды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарады. Елордадағы төтенше жағдайға байланысты қалалық ТЖД баспасөз қызметі пікір білдірді.

    "Сағат 18:33-те Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында орын алған өрт орнына жеке құрамның 44 адамы мен 11 техникасы құрамында жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты.

    Алдын ала ақпарат бойынша, ғимараттың шатыры және қаптауы жануда. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін дереу жетті. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізілуде",- деді ведомство.

    Көп ұзамай департамент қосымша ақпарат жариялады.

    "Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 19:10-да ауыздықталды, өрттің алдын ала ауданы 60 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп қосты Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.