Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер кеңесі: Маусымдық вирустық аурулардың алдын алу және емдеу

Жарияланған күні:

Емделу
Көрнекі фото: pexels.com

Коронавирустық пандемиямен күрес жөніндегі азаматтық штаб медицина саласы мамандарының қатысуымен ата-аналарға арнап вебинар өткізді. Жиын барысында олар жіті респираторлық вирустық аурулардың алдын алу және емдеу туралы сөз қорзғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мамандар тұмауға қарсы вакциналар коронавирусқа қарсы екпе секілді ауыр асқынуларды, тіпті өлім қаупін азайтады дейді.

Медицина ғылымдарының докторы, Санжжар Асфендиярова атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар инфекциясы кафедрасының профессоры Ләззат Ералиеваның айтуынша, 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар санаты ЖРВИ-ге ең осал және бейім болып саналады.

"Ең осал жас – 1 жастан 5 жасқа дейін. Бұл баланың антиденелері жоқ уақыты, оның айналасын қызықтап көретін, үйренетін, басқа балалармен ойнайтын шағы. Егер ол екпе алмаған болса антидене шығару үшін ауыруы тиіс. Жоспарлы иммунопрофилактика өте маңызды, ата-аналар оған мән беруі тиіс", - деп атап өтті профессор.

Ләззат Ералиева мектепке баратын балалар арасында жиі ауыратындарың ата-аналарына баланың ағзасын қорғап, иммунитетін нығайту үшін дәрумендер, пробиотиктер тағайындау мақсатында дәрігерге баруды кеңес етті. Сол сияқты ол инфекциямен байланыс қалай жүретінін және ағзаның вирустан қалай қорғалатынын түсіндірді.

"Инфекциялар шабуыл жасағанда оған алдымен жұтқыншақ қарсы тұрады. Міне вирус пен бактерия осы бір тосқауылдан өтіп кетуге тырысады. Ағзамыз өте ақылды жәні қорғаныс сызықтары бар. Бірінші қорғаныс – мұрынның шырышты бөлігі, ол эпителиймен және көптеген түкпен қорғалған. Вирус осы аралыққа енгенде олар шығар тұсқа қарай қозғалады. Түкті тұсының қозғалысы мұрын қуысын 60-80% зарарсыздандырады. Сол себепті мұрынның шырышты бөлігі сау күйде болғаны және жақсы жұмыс істегені маңызды. Екінші қорғаныс сызығы – мұрын қуысында орналасқан шырыш, ол микробтардың жоғарғы тыныс жолдарының эпителийіне тікелей енуіне жол бермейді. Сонымен қатар, бізде бұл шырышта әртүрлі бактерицидтік заттар бар. Үшінші қорғаныс сызығы – лимфалық тін – аденоидтер, бездер", - деп түсіндірді дәрігер.

Педиатр-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, білім беру және денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету және Аккредиттеу Еуразиялық орталығының бас директоры Сәуле Сәрсенбаеваның айтуынша, маусымдық фактор мен қоршаған орта адамның тыныс алу жолдарының иммундық реакциясын модуляциялайды және кейбір вирустардың қасиетін күшейте алады. Вирустың таралу жылдамдығына адамның мінез-құлқы да әсер етеді.

"Біз өзгелермен қарым-қатынас жасай бастадық, сыртқа жиі шығамыз, көбіміз вакцинацияландық, сондықтан сақтық шараларына мән бермейтін болдық, белсенді байланыс орната бастадық. Сонымен қатар, балалар партада отыру ережесін ұмытып қалды, олардың тамақтануында өзгерістер болуы мүмкін, және инфекция аралас қоршаған орта бар, өкінішке қарай, оның бәрі маусымдық және коронавирустық жағдайлардың өршуіне әкелуі мүмкін", - деп түсіндірді маман.

Ол сол сияқты құрамында спирт бар антисептиктердің орнына қол гигиенасы мен КВИ-дің алдын-алу үшін хлоргексидин ерітінділерін қолдануға бола ма деген сұраққа жауап берді.

"Антисептиктердің құрамында алкоголь 60-80% болуы керек. Әрине, жас балаларға бұл ауыр болуы мүмкін, өйткені терісі өте нәзік, тиісінше қолды өңдеу кезінде күйік немесе тітіркену пайда болуы мүмкін. Алайда коронавирустың тікенек тәрізді процестерінде еритін май липидтері көп. Бұл сол тікенекті еріту және олардың жасушаларымызға енуіне жол бермеу үшін спирт ерітінділері қолданылады. Хлоргексидин ерітінділері вирусты жоймайды және спирт секілді толықтай қорғай алмайды. Бактериялардан қорғай алады, бірақ коронавирустан емес. Сондықтан, COVID-19 жағдайында олар құрамында спирті бар ерітінділерді алмастыра алмайды. Бірақ, әрине, ең тиімді әдіс – қолды сабынмен жуу. Вирустық инфекциялардың алдын алу шарасы ретінде ауаны тазарту үшін үй-жайды кем дегенде 10 минут желдету қажет", - деді Сәуле Сәрсенбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933193-dariger-kenesi-mausymdyq-virustyq-aurulardyn-aldyn-alu-zane-emdeu/