Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашғабад саябақтарында адамгершілік полициясы пайда болды

Опубликовано:

Ашғабад
Көрнекі фото: Hronikatm.com

Ашғабад полициясы саябақтарға барып, демалатын тұрғындарды бақылауды күшейтті. Әсіресе, серуендеп жүрген жастарды тоқтатып, оларға ақыл-кеңес айту көбейген деп хабарлайды Орта Азия жаңалықтар қызметі.

Аймақтағы Азатлык тілшісінің хабарлауынша, полиция әсіресе саябақтарда серуендеп жүрген қыздар мен жігіттерге назарын көп бұрып жатыр.

Полиция жастарды тоқтатып, сұрақтар қойып, туу туралы куәліктерін сұрап, олардың бір-біріне кім болып келетінін де анықтап жүр екен.

Сонымен бірге полиция ашық және қысқа белдемше киген қыз-келіншектерді тоқтатып, оларға ескерту жасайтын болған. Осындай бақылаулар әсіресе айтулы күндер қарсаңында күшейеді.

Қазір Түркіменстан тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына дайындалып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933197-asgabad-sayabaqtarynda-adamgersilik-policiyasy-paida-boldy/

pixel