4 градус үсік, жаңбыр: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды
Жарияланған күні:
22 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.
Еліміздің басым бөлігінде фронтальдық бөлімдердің ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік таулы аудандарында және оңтүстік-шығысында найзағай болады, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) болады.
Тек еліміздің орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстіктің таулы аудандарында және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде және солтүстік-батысында, Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында, Түркістан облысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының тау және таулы аудандарында топырақ бетінде 2-4 градус үсік күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, батысында, орталығында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында және орталығында, Батыс Қазақстан облысының шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933216-4-gradus-usik-zanbyr-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.