Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жоғалып кеткен отыз жылқы тікұшақпен іздестірілген (видео)

Опубликовано:

Пропавшие лошади в Алматинской области
Кадр : instagram.com/police_almobl

Алматы облысында құны 12 миллион теңгеден асатын 30 жылқы жоғалып кетті. Төрт түлікті тікұшақпен іздеуге тура келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Кербұлақ аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Көксу ауданы Балпық би ауылының 49 жастағы тұрғыны 12 200 000 теңгеге бағаланған 30 бас жылқы жоғалту фактісі бойынша өтінішпен жүгінген.

Аталған факт қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді.

Ұйымдастырылған іздестіру іс – шараларының нәтижесінде ұтқыр топтардың үйлесімді жұмысының арқасында төрт күннен кейін Омар-жайлау учаскесінің таулы жерінен мал табылып, иесіне қайтарылды.

"Іздестіруді Алматы облысы полиция басқармасы жедел уәкілдері және Кербұлақ аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді, бұл ретте 4 "Нива" автокөлігі мен тікұшақ пайдаланылды. Жерді тексеруді алты іздеу тобы жүргізді: екі ат және төрт автомобиль", делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933316-almaty-oblysynda-zogalyp-ketken-otyz-zylqy-tikusaqpen-izdestirilgen-video/

pixel