Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс: Адвокат күдіктінің жағдайы жайлы айтты

Жарияланған күні:

Алматыдағы атыс
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Адвокат Дамир Хасанов Алматыдағы "Ақбұлақ" шағын ауданында бес адамды атып өлтірді деп айыпталып жатқан күдіктінің жағдайы туралы айтты.

Адвокаттың сөзінше, тергеуге алынған азаматтың еш шағымы жоқ.

"Тергеу амалдары жүргізілуде. Біз тергеу алдында кездесеміз, әңгімелесуіміз құпия түрде өтеді. Денсаулығына шағымы жоқ", - дейді Дамир Хасанов.

Ол күдіктінің істеген ісіне өкінген-өкінбегені және әрекетін қалай түсіндіргені туралы сауалға жауап бермеді.

"Мен мұны жариялай алмаймын. Бұл адвокаттың және тергеу құпиясы", - дейді Дамир Хасанов.

Сонымен бірге адвокат бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік қорғаушы ретінде жұмыс істеп жатқанын, яғни өзін күдіктінің отбасы жалдамағанын атап өтті.

"Оның құқығын қорғайтын боламыз", - дейді Хасанов.

Еске сала кетейік, Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болды.

Қайғылы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933340-almatydagy-atys-advokat-kudiktinin-zagdaiy-zaily-aitty/