RU

Елордада із-түзсіз жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың денесі Есіл өзенінен табылды

Ақбота Есбол11
Фото: Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті

Елордада жоғалып кеткен 19 жастағы қыз өлі күйінде табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 19 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында 19 жастағы қыздың анасы жүгініп, қызының үйіне оралмағанын айтқан.

Жоғалып кеткен қызды іздеу жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жеке құрамы, Ұлттық гвардияның жеке құрамы, еріктілер мен тұрғындар атсалысқан.

Соңғы мәрте қызды Бараев көшесіндегі көпірден көрген. Сол себепті іздеу жұмыстарына сүңгуірлер де тартылған.

"22 қыркүйекте сағат 11:20-да жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағымен бірге Есіл өзенінен қыздың денесін тапты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933396-elordada-iz-tuzsiz-zogalyp-ketken-19-zastagy-qyzdyn-denesi-esil-ozeninen-tabyldy/