Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсуде

Опубликовано:

ПТР тестілеу
Көрнекі фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны тағы өсті. Мәселен, өткен тәулікте 2693 адамның ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram арнасы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 191
  • Алматы қаласы - 549
  • Шымкент қаласы - 125
  • Ақмола облысы - 143
  • Ақтөбе облысы - 133
  • Алматы облысы - 256
  • Атырау облысы - 69
  • Шығыс Қазақстан облысы - 135
  • Жамбыл облысы - 55
  • Батыс Қазақстан облысы - 99
  • Қарағанды облысы - 431
  • Қостанай облысы - 105
  • Қызылорда облысы - 56
  • Маңғыстау облысы - 38
  • Павлодар облысы - 192
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 79
  • Түркістан облысы - 37.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 870 059-ға жетіп отыр.

Сонымен бірге, өткен тәулікте 3 905 адам жазылып шыққан.

Одан бөлек, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары;
  • "сары" аймақта Шымкент қаласы мен Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933462-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-tagy-da-kobeidi/

pixel