Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Күйеуіңді қайтаруға көмектесемін”: Алматыда алаяқ көріпкел әйел ұсталды

Жарияланған күні:

күдікті әйел
Көрнекі фото: www.gazeta.ru

Алматыда “күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын” деп тұрғындарды алдаған көріпкел алаяқ ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушілердің саны күн сайын артып келеді.

Тәртіп сақшылары алданған азаматтар алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгініп жатқанын жеткізді.

Олардың сөзінше, 25 жастағы әйел әлеуметтік желілерде сәуегейлік, жолды ашу туралы хабарландырулар орналастырған.

"Клиенттер оған проблемаларын айтып, ақшаларын сеніп тапсырған. Бір адамнан бірнеше сеанс жасалған. “Құрбандық шалу” рәсімі үшін “Көріпкел” 100 мың теңгеге дейін сыйақы алған. Сенгіш адамдардың ақша төлеп, күте тұрудан басқа амалы қалмаған. Бірақ жеке өмірлерінде жақсылық болмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір алаяқтықтың 5 фактісі дәлелденді. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлімі 4-тармағы бойынша тергелуде", – деді Алатау аудандық полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің басшысы Құмарбек Кеншінбаев.

Полиция бұл адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 393-40-73; 8-775-000-21-81.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933616-kuieuindi-qaitaruga-komektesemin-almatyda-alayaq-koripkel-aiel-ustaldy/