Зираттың қоршауларын ұрлаған екібастұздық азамат жұрттың ашуын келтірді
Опубликовано:

Екібастұз қаласының полицейлері зираттан шойын қоршауларды ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.
Анықталғандай, ер адам ұрланған қоршауларды мұсылман зиратынан шығаруға тырысқан кезде ұсталған.
Бүгінде ер адам осыған ұқсас үш фактіні жасады деп күдіктеліп отыр.
Басылым мәліметінше, шығын сомасы 1 миллион теңгеден асқан.
Полиция аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сонымен қатар, күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933622-zirattyn-qorsaularyn-urlagan-ekibastuzdyq-azamat-zurttyn-asuyn-keltirdi/