Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вакцинаны 11 жыл тестілеуден өткізу керек": Отандық ғалым вакцина төңірегіндегі қауесетке жауап берді

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстандық ғалым Алмаз Шарман вакцинаны тестілеуден өткізу мерзіміне қатысты қауесеттерге жауап берді. Желідегілердің сөзінше, кейбір дәрігерлер вакцинаны 11 жыл тестілеуден өткізу керек екенін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Дәрігерлердің бұл мәселені осылайша талқылап жатқаны мені қынжылтады. Медициналық білімі бар, вакцинацияның не екенін түсінетін дәрігерлер пандемиядан сақтанудың жалғыз жолы вакцинация екенін білуі керек. Вакцинаны тестілеуден өткізу мерзімін ешкім бекітпеген. Оған бес жыл, тіпті 20 жыл кетуі мүмкін...

Қазір біз коронавируспен биологиялық соғыс кезеңінде тұрмыз. Біз уақыт жоғалта алмаймыз. Оның үстіне вакцина жасау үшін қаржы бөлініп, ең ақылды адамдар тартылған. Қысқа мерзім ішіде жоғары сапалы апробация жүргізіліп, вакцинаның жоғары тиімділігі дәлелденді", - деді ғалым.

Оның сөзінше, вакциналардың басым көпшілігі 16 жастан асқандарға арналған. Бірақ Pfizer мен Moderna вакциналарының соңғы зерттеулері бұл препараттар 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға қауіпсіз екенін көрсеткен.

"Бәріміздің баламыз көкжөтелге, қызылша, дифтерияға, сіреспеге қарсы вакцина салдырған. Қорқатындай дәнеңе болған жоқ. Коронавирусқа қарсы вакцинаның да олардан айырмашылығы жоқ деуге болады. Балаларға екпе салу маңызды, өйткені олар ауру жұқтыруға, ата-аналарына, атасы мен әжесіне ауру жұқтыруға бейім келеді. Балалардың да екпе салдыруы маңызды.

Балалар ауруды жиі жұқтырмаса да, дельта штамын жұқтырған 5 адамның бірі балалар екені белгілі болып отыр. Кішкентайлар дельта штамын жұқтырса, дерт ауыр өтеді, тіпті кейде оның соңы өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Оның үстіне балаларда Кавасаки синдромы пайда болуы ықтимал", - деді Алмаз Шарман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933767-vakcinany-11-zyl-testileuden-otkizu-kerek-otandyq-galym-vakcina-toniregindegi-qauesetke-zauap-berdi/

pixel