Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазМұнайГаздың" еншілес компаниясы құны 878 млн теңге болатын яхтаны сатылымға шығарды (фото)

Опубликовано:

Яхта. Фото:
Яхта. Фото:: e-auction.gosreestr.kz

"ҚазМұнайГаздың" еншілес компаниясы "Казмортрансфлот" 878 млн теңгеге моторлы яхтаны аукцион сатылымына шығарды. Өтінімдерді қабылдау қыркүйек айының соңына дейін жалғаспақ. Одан кейін бағаны түсіру бойынша аукцион өтеді. Аукциондағы ең арзан баға 146 481 730 млн теңге болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Яхтаның сатылымға шығатыны туралы ақпарат Электрондық сауда алаңы порталында жарияланған. Сайтта көрсетілген деректерге сәйкес, яхта 2006 жылы Ұлыбританияда құрастырылған. Оның ұзындығы - 20,5 метр болса, ал ені - 5,4 метр.

Яхта. Фото:
Яхта. Фото: e-auction.gosreestr.kz

Одан бөлек, су көлігінің кейбір бөліктерін ауыстыру немесе жөндеу қажет болады. Бұл ретте оның шығыны 292 963 460 теңге деп көрсетілген.

e-auction.gosreestr.kz
Яхта. Фото: e-auction.gosreestr.kz

Айта кетерлік бір жайт, бағаны түсіру бойынша өтетін аукцион кезінде бастапқы баға жарияланған қадам арқылы арзандай береді. Ал аукционда ұсынылған бағаны төлеуге бірінші болып келіскен тұлға жеңімпаз болып танылады.

Яхта. Фото
Яхта. Фото: e-auction.gosreestr.kz

Еске салсақ, бұған дейін елімізде мемлекеттік қызметкерлерге берілген сыйлықтардың аукцион арқылы сатылмастан бұрын қайда сақталатыны белгілі болғанын жазған едік.

2020 жылы еліміздің шенеуніктері мемлекетке 245 сыйлық тапсырған екен. Ең қымбаты iPhone 12 Pro болған.

Одан бөлек, танымал спортшы алтын жүлделерін Дубайдағы аукционда сатып, одан түскен ақшаны теракт кезінде қаза тапқан оқушылардың отбасыларына беруді ұйғарғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933794-qazmunaigaz-dyn-ensiles-kompaniyasy-quny-878-mln-tenge-bolatyn-yaxtany-satylymga-sygardy-foto/

pixel