Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейлік келіншек 8 жасар қызы мен нәрестесін қонақ үй нөмірінде қалдырып кеткен

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: piqsels.com

Семейлік келіншек сегіз жасар қызы мен нәрестесін қонақ үй нөмірінде қалдырып кеткені үшін жауапқа тартылды. Балалардың қараусыз қалғаны туралы қонақ үйдің әкімшісі хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 қыркүйекте сағат 17:40-та Семейдегі қонақ үйлердің бірінің әкімшісі полицияға хабарласқан. Ол қонақ үйде туғанына бір айдай болған баланы анасы нөмірде қалдырып кеткенін айтқан.

Құқыққорғаушылар оқиға орнына дереу жеткен. Полицейлер бөлмеден нәресте мен оның сегіз жасар әпкесін табады. Қыздың сөздерінен кейін тәртіп сақшылары жеке деректерді тексереді.

Нәтижесінде полицейлер балаларын қонақ үйде екі сағат бойы қараусыз қалдырып кеткен 1992 жылғы Семей тұрғыны екенін анықтайды.

Ведомствның мәліметінше, нөмірдегі кереует жанынан сыра мен арақтың бөтелкелері табылған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде әйел өзін агрессивті ұстап, полицейлерге қарсылық танытқан. Әйелді медициналық куәландырудан өткізу үшін наркологиялық бөлімге жеткізген. Дәрігер оның орташа дәрежеде мас күйде болғанын анықтады.

Сегіз жасар қыз Семейдегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал 20 тамызда дүниеге келген қыз Балалар үйіне орналастырылды.

Олардың анасына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127 бабы 1-бөлігі "Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауы" дерегі бойынша әкімшілік материал жинақталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933798-semeilik-kelinsek-8-zasar-qyzy-men-narestesin-qonaq-ui-nomirinde-qaldyryp-ketken/

pixel