Коронавирус пен пневмония тағы 54 адамның өмірін қиды
Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 54 адам көз жұмды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.
" 23.09.2021ж. коронавируc белгілері бар пневмонияның 200 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 139 адам емделіп шықты.
13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 75086, 4784 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 61448 жетті", - делінген ресми хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2324 адам тіркелгені жөнінде хабарлаған едік. Олардың дені Алматы қаласы мен Қарағанды және Алматы облыстарынан.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты 2021 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті.
Соңғы мәліметтер бойынша:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933879-koronavirus-pen-pnevmoniya-tagy-54-adamnyn-omirin-qidy/