Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда өзін зорламақ болған көршісін өлтірген жүкті әйел 10 жылға сотталуы мүмкін

Опубликовано:

әйел
Көрнекі фото: sputnik.kz

Қашқадария облысында биыл 25 маусымда жүкті әйел өзіне шабуылдап, зорлауға талпынған көршісін пышақтап өлтірген деп хабарлайды Centralasian.org жаңалықтар қызметі.

Ер кісі пышақ жарақаты салдарынан қайтыс болды.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, кісі өлтіру қылмысы бойынша алдын ала тергеу аяқталып, іс Шыршық ауданының сотына жолданған.

Әйелді "қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша соттамақ. Ол 10 жылдан 15 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп жазды "Новости Кашкадарьи" басылымы.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ресейдің Нижний Новгород қаласында ер адам 23 жастағы бойжеткенді 9 күн бойы жертөледе қамап, зорлағаны туралы белгілі болған. Күдікті сенбіге қараған түні ұсталды.

Бойжеткен 24 тамыз күні жоғалып кеткен. Тергеу мәліметіне сәйкес, 39 жастағы ер адам жәбірленушімен сайт арқылы танысқан. Кездесуден кейін бойжеткен ер адаммен бірге кетті. Бұдан соң жәбірленушімен байланыс үзілді.

Бастапқыда адам өлтіру фактісі бойынша іс қозғалған. Кейін бойжеткен гараждың жертөлесінде табылды.

Ол тоғыз күн бойы сол жерде кісенмен байлаулы отырған. Ер адам пышақпен қорқытып, күн сайын зорлағаны белгілі болды.

Жәбірленуші құтқарылған соң полицейлер күдіктіні тапты. Ол екі тәулік бойы жасырынған. Жұмадан сенбіге қараған түні қолға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933883-ozbekstanda-ozin-zorlamaq-bolgan-korsisin-pysaqtap-oltirgen-zukti-aiel-10-zylga-sottaluy-mumkin/

pixel