Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны азая түсті
Опубликовано:

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы тағы 2192 адамнан анықталды. Республика бойынша эпидемиологиялық ахуалға қатысты жаңа статистикалық мәліметтерді coronavirus2020.kz ресми сайты жариялады.
Қазақстанда бір тәулікте анықталған COVID-19 деректері айтарлықтай азая түсті. Мәселен, қауіпті вирусты 24-қыркүйек күні 2537 отандасымыз жұқтырса, 23-қыркүйекте індетке 2693 адам шалдықты.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 184,
Алматы қаласы - 491,
Шымкент қаласы - 126,
Ақмола облысы - 99,
Ақтөбе облысы - 93,
Алматы облысы - 221,
Атырау облысы - 55,
Шығыс Қазақстан облысы - 126,
Жамбыл облысы - 55,
Батыс Қазақстан облысы - 62,
Қарағанды облысы - 201,
Қостанай облысы - 103,
Қызылорда облысы - 51,
Маңғыстау облысы - 17,
Павлодар облысы - 175,
Солтүстік Қазақстан облысы - 86,
Түркістан облысы - 47.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 877112.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933926-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-azaya-tusti/