АҚШ-та жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті: 50-ден аса адам жарақат алды
Опубликовано:

АҚШ-тың Монтана штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 3 жолаушы қаза тапты. Тағы 50 адам жарақат алды деп хабарлайды 24.kz
Апат Джоплин елді мекенінің қасында болды.
Белгілі болғандай, жүйіткіп келе жатқан поезд жолдан шығып, 5 вагон аударылып қалған.
Оқиға кезінде онда 147 жолаушы мен 13 экипаж болған. Пойыз Чикаогдан Сиэттлға бет алған екен.
Қазіргі таңда жапа шеккендерге көмек көрсетіліп, апаттың себептері анықталып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933950-aqs-ta-zolausylar-poiyzy-relsten-sygyp-ketti-50-den-asa-adam-zaraqat-aldy/