Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш аптадай ауырып жатқан": Дана Нұржігіт марқұм Амангелді Сейітханды есіне алды

Опубликовано:

Дана Нұржігіт
Дана Нұржігіт. Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал журналист Дана Нұржігіт әріптесі Амангелді Сейітханды есіне алып, желіде оған әсерлі жазба арнады. Ақпарат өкілі марқұмның әйелімен кездесіп, оның соңғы күндері қалай өткенін біліп қайтқан. Белгілі болғандай, Амангелді Сейітхан үш апта уақыт бойы ауырып жатқан. Алайда, әйеліне өзінің жағдайы туралы адам баласына айтпауын сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Нұржігіт марқұмның жары Назгүлдің жан сырын Instagram парақшасы арқылы жеткізген. Амангелді Сейітхан өзінің мұндай халде жатқанын ешкімге білдірткісі келмеген. Ол келіншегіне өзі жайлы әлдекімге айтуға тыйым салған.

Дана Нұржігіт әріптесі көпшілікке өз осалдығын көрсеткісі келмегендіктен бұл әрекетке барды деп есептейді.

Ақпарат өкілі өз жазбасында марқұмға қатысты естеліктерімен бөлісті. Оған қоса, ол тағы бір марқұм әріптесі Бейсен Құранбекті де есіне алды. Дана Нұржігіт қос досының бірінен соң бірі қайтпасқа кеткені оған қатты ауыр тигенін айтты.

"Аманның кеткеніне де қырық күн болыпты-ау. Кеше Алматыдан қайтарда Амангелді досымның жары Назгүлге соғып қайттым. Үш аптадай ауырып жатып,жан баласына тіс жарып айтпа деп Назгүлді тырп еткізбепті жарықтық... "Айтқызбады ғой,Дана!Әбекеңсіз дастархандағы кесе қозғалмайды біздің үйде.Маскада жатып,видео-қоңырауға соғып,бас бармағын көтере берді,бәрі жақсы деген ишарат білдіріп...Ризамын дегені болды ма...білмеймін...әйтеуір бәрі сол бас бармаққа сыйып кетті ғой!" деп көзіне жас алып тұр Назгүлжан. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады дейді. Асқынып кеткен.

Баяғыда Аман мен Назгүлдің кіші ұлы дүниеге келгенде құтты болсын айтып,барғанымыз көз алдыма келді.Назгүл жөргекке сәбиді тастай қылып орап жатқаны,келген қонағына жылы қабағын,ас толы табағын ұсынып шауып жүргені кеше ғана сияқты. Атасының қолында өскен елгезек, алғыр, намысшыл Амангелді туған Мақаншысының ғана емес, бүкіл қазақтың мақтанышы еді! Қос ұлы мен қызын да сол ата жолымен керемет тәрбиелепті. Анасының қасынан шықпай,қабағын бағып тұр,айналайындар.Сөздері де әкесінің шешендігінен кем емес!

Қаншама қазақтың батырына жанкүйер боп шапқан,Аманжан-ай, осалдығыңды жан баласы көрмесін дедің бе,көппен бірге басқа салғанды көремін дедің бе, қиналғаныңды біз естімей, үзілгеніңде төбемізден жай түсті ғой! Қайтейін,досым. Марқұм Бейсен екеуіңнің дәл осылай қатар тұрып, біріңнің артынан бірің қайтпасқа кете барғандарың өзекті өртейді", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934032-us-aptadai-auyryp-zatqan-dana-nurzigit-marqum-amangeldi-seiitxandy-esine-aldy/

pixel