Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сирек дертке шалдыққан елорда тұрғыны 25 келіге дейін арықтап кетті (фото)

Опубликовано:

Туысқандарының жеке мұрағатынан
Светлана Карапыш. Фото: "Экспресс К"

Сирек дертке шалдыққан Нұр-Сұлтан қаласының 57 жастағы тұрғыны Светлана Карапыштың салмағы жеті жасар баланың салмағына тең - небәрі 25 келі деп хабарлайды "Экспресс К" басылымы.

Светлананың ұлы Руслан Карапыш басылымға сұқбатында анасы кахектикалық формадағы алиментарлық дистрофияның III (соңғы) сатысында екендігін айтып берді.

Әйел осы жылдың көктемінен бері төсек тартып жатыр. Орнынан тұрып, өздігінен қозғалу арманға айналған Светлана кезінде 60 келі болған екен.

Әйелдің қатты азып кетуіне асқазанының тамақ сіңіре алмауы себеп. Сонымен қатар, мұндай адамдардың денесі дәрі-дәрмектерді таблетка түрінде сіңірмейді, сондықтан оларды тек аурухана жағдайында емдеу нәтиже бере алады.

"2010 жылы анам ауруханаға жатқызылған болатын. Сол кезде дәрігерлер оны аяғына тұрғыза алды. Биыл ол қайтадан ауруханаға жатуы тиіс еді. Медициналық сақтандыруды төледім, олар анамды порталға кезекке қойды. Алайда, кейін бізді ол жерден алып тастады", - дейді Руслан Карапыш.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басылымға мән-жайды тексеруге және түсініктеме беруге уәде берді. Сол арада Светлананың ұлы желіде жария еткен жазбаға медициналық мекеменің өкілдері жауап берген.

"Шынында да, ауруханаға жатқызу жазда жоспарланған болатын, бірақ карантинге байланысты оның денсаулығына үлкен қауіп төндірмеу үшін ем көрсетуді кейінге қалдыруға тура келді. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатақындықтан, жақын арада оны ауруханаға жатқызу бюросының порталына қайта орналастыру жоспарланып отыр", - деп жауап берген дәрігерлер Русланның желідегі жазбасына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934074-sirek-dertke-saldyqqan-elorda-turgyny-25-kelige-deiin-azyp-ketti-foto/

pixel