Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында миллиондаған доллар жымқырды деген күдікпен бөлім бастығы ұсталды

Опубликовано:

Күдікті
Видеодағы кадр: Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Мемлекеттік қызметшіге жалпы сомасы 33 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ведомствода шенеуніктің "Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарқан өңіріне бюджеттен бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікке ілінгенін атап өтті.

"Күдікті – аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы. Бақалы, Алмалы және Көкөзек ауылдарындағы үш спорт алаңының құрылысына бөлінген 32,9 миллион теңге көлемінде ұрлық аса ірі көлемде жүргізілді. Лауазымды тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934100-almaty-oblysynda-milliondagan-dollar-zymqyrdy-degen-kudikpen-tks-boliminin-bastygy-ustaldy/

pixel