Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырса да КВИ-мен ауырған азаматтардың Ashyq-тағы мәртебесі қандай болмақ

Опубликовано:

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де салдырған қазақстандықтар қайта ауру жұқтырған жағдайда Ashyq-тағы "жасыл" мәртебе үш айға ғана берілетінін айтып шағымданды. Дегенмен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жағдайда байбалам салмауға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Біздің редакцияға коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанына бес ай өткеннен кейін COVID-19-ды қайта жұқтырған алматылық қыз жүгінді.

"Сәуір айында мен COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі компонентін де салдырдым. Ashyq қосмшасында 2022 жылдың 26 сәуіріне дейін менде "қауіпсіз" мәртебесі көрсетіліп тұрды. Қыркүйекте менде коронавирус белгілері байқалып, ПТР тест тапсырдым. Оның нәтижесі оң болып шықты. Ал Ashyq-тағы мәртебем де "ауру жұқтырған" деп өзгертілді. ПТР тестінің оң нәтижесі шығып, тура екі апта өткен соң автоматты түрде "қауіпсіз" мәртебесіне оралдым. Бірақ мәртебе мерзімі өзгерді.

Енді ол 2021 жылдың 25 желтоқсанына дейін жарамды. Яғни, тура үш айға жарамды. Бұл мерзім өткеннен кейін менің не істеуім керек? Мәртебем "қауіпсіз" болуы үшін тағы да ПТР тест тапсыруым қажет пе? Әлде қайтадан вакцина салдырамын ба? Ревакцинация туралы әлі күнге дейін ақпарат жоқ", - деді бойжеткен.

Осыған байланысты санитарлық-эпидемиолоиялық бақылау комитеті пікір білдірді. Комитет вакцина салдырып, ауруды қайта жұқтырып алған адамдарды байбалам салмауға шақырды. Себебі, қосымшадағы үш ай уақыт өткеннен кейін бұрынғы бір жылдық мерзім көрсетіледі.

"Вакцина салдырған адам коронавируспен ауырса, оған "қауіпсіз" мәртебесі үш ай мерзімге беріледі. Өйткені ол қазір ауру жұқтырғандар тізімінде. Осы үш ай өткеннен кейін мәртебе бұрынғы мерзімімен ұзартылады. Вакцинаның екінші компонентін салдырғаннан бір жыл өткенше азаматтарда "жасыл" мәртебе болады", - деді СЭБК баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934114-vakcina-saldyrsa-da-koronaviruspen-auyrgan-qazaqstandyqtardyn-ashyq-tagy-martebesi-qandai-bolmaq/

pixel