jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның екі өңірінде күтпеген жерден қар жауды

1
Фото: instagram.com/kokshetauasia

Күздің бірінші айы аяқталмағанына қарамастан, елдің солтүстігінде қар жауды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жауған қардың видеосын nashkostanay мен qostanay.tv Instagram парақшалары жариялады. Кадрлардан Қостанай облысындағы тас жолдардың бірін қар көмкергенін байқауға болады. Жазбада ауа райы Бейімбет Майлин ауданында құбылғаны айтылады.

"Елде шұғыл контитетті климат болса осы. Бірде 35-38, ал келесі күні нөлден төмен", "Жапырақтан шиелер түсіп жатқанда қар жауды. Әрине, еріп кетеді ғой", "Тезірек қыс келсе екен" ,- деп жазды көпшілік.

Кейбір желі қолданушысының сөзінше, қар Қостанайда да жауған. Алайда оның қаншалықты қалың болып түскені белгісіз.

Көп ұзамай видеоның Макинск қаласы аумағындағы Нұр-Сұлтан-Шучинск тас жолында түсірілгені белгілі болды. ҚР ИИДМ өз ресми Telegram парақшасында тас жолды тазалау жұмыстары басталып кеткенін айтты.

"Нұр-Сұлтан - Щучинск" автожолының Макинск қаласы маңында ауа райы бұзылып, қар жауды. Қазіргі уақытта жолды қардан тазарту жұмыстарына 8 арнайы техника жұмылдырылған. Жүргізушілерден сақ болып, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз. Туындаған барлық сауалдар бойынша 1409 нөмірімен call-орталыққа хабарласуға болады",- деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қазақстанның екі өңірінде күтпеген жерден қар жауды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.