RU

Алматыдағы трагедия: Сот орындаушылар палатасы мәлімдеме жасады

Атыс болған жер
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бірыңғай электронды сауда алаңы – тыйым салынған мүлік сатылатын мемлекеттік ақпараттық жүйе. Тіркеуден өткен кез келген азамат аукционға қатысып, тыйым салынған мүлікті сатып ала алады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, тек жылжымайтын мүлікке ғана емес, тұрмыстық техникаға да тыйым салынады.

"Тыйым салынғаннан кейін жеке сот орындаушысы тараптарға мүлікті бағалауға және борышкер үшін тиімді бағамен өз бетінше сатуға мүмкіндік береді. Тараптар бағалау жүргізуден бас тартқан жағдайда бағалаушының көмегіне өзі жүгінеді.

Ол борышкерді бағалау нәтижесімен таныстырады және  шағымдануға 10 күн береді. Кейін оны электронды сауда-саттықта жүзеге асыруға өтінім жібереді", - делінген хабарламада.

Егер өтінім мақұлданса, жеке сот орындаушысы аукцион өткізілетін күн туралы хабарлама алады. Бұл жағдайда сот орындаушысының функциясы уақытша тоқтатылады, яғни ол сауда-саттық рәсіміне қатыспайды. Аукцион барысын, қатысушылар саны мен деректерін көрмейді.

Осылайша, ол сауда-саттықтың нәтижесіне әсер ете алмайды. Тек нәтижесі бойынша ғана электронды сауда-саттық хаттамасын алады, оның негізінде мүлікті сатып алушымен сатып алу-сату шартын жасасады.

Электронды сауда-саттыққа осы іс бойынша шешім шығарған сот орындаушысы мен судьяны, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушыны, сондай-ақ олардың жақын туыстарын, жұбайын қоспағанда, электрондық цифрлы қолтаңбасы бар кез келген азамат немесе заңды тұлға қатыса алады.

Осыдан бір апта бұрын, 20 қыркүйекте Алматы тұрғыны өзін үйден шығаруға келгендерге оқ атты. Екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі және оның танысы қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934168-almatydagy-tragediya-sot-oryndausylar-palatasy-malimdeme-zasady/