Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта ақша үшін "әйелін жол апатына түсірген" ер адам ұсталды

Опубликовано:

ер адам
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Балқашта жол апатына түскен әйеліне көмек керек екенін айтқан ер адам танысын алдап кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

20 қыркүйекте 26 жастағы әйел Қарағанды ​​облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне хабарласқан. Ол ер адамның алаяқтық жолмен 15 мың теңгені иемденіп алғанын айтты. Анықталғандай, әйелдің танысы 31 жастағы ер адам телефон шалып, әйелінің жол апатына ұшырағанын, оған шұғыл көмек қажет екенін айтқан. Оған сенген жәбірленуші ер адамға терминал арқылы 15 мың теңге аударған.

Екі күннен кейін жол апатына түсті деген әйелді көшеде кездейсоқ кездестіріп қалады. Сол кезде өзінің алданғанын түсінген әйел танысының алған ақшаны өз мақсатына жұмсағанын білген.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934172-balqasta-aqsa-usin-aielin-zol-apatyna-tusirgen-er-adam-ustaldy/

pixel