RU

Асхат Аймағамбетов оқушыларға қажетсіз «басы артық» пәндер жайында пікір білдірді

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: www.kaznpu.kz

Еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «мектепте кейбір қажетсіз пәндерді оқытпау керек» деген пікірге қатысты өз ойын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы, еліміздің көп мектептерінде балалар аптасына 5 күн оқиды. Өкінішке қарай, кейбір орын тапшы мектеп оқушылары 6 күндік жүйемен оқуға мәжбүр. Ондай сыныптар бар. Әрине, ол ыңғайсыздық туғызады. Осы жерде бір жайтты анықтап алу керек, бұл - еліміздегі мектеп жетіспеушілігінен емес, бар мектептегі орынның тапшылығынан туындап отыр.

Келесі бір маңызды мәселе - мектептердегі қажет немесе қажет емес деген пәндер жайында. Өздеріңіз білетіндей, білім беруде типтік оқу жоспары, оқу бағдарламасы және мемлекеттік стандарт бар. Сондықтан «мына пән керек, анау керек емес» деу - дұрыс емес. Еліміздің жалпы білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес, балалар үшін барлық пән қажет және маңызды», - деді Асхат Аймағамбетов Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министр еліміздегі мектеп тапшылығы проблемасына тоқтала келе оның шешілетінін айтып сендірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934177-asxat-aimagambetov-oqusylarga-qazetsiz-basy-artyq-pander-zaiynda-pikir-bildirdi/