Қауіпті індет: Қазақстанда 2 мегаполис пен 3 облыс "қызыл" аймақта тұр
Опубликовано:

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Айта кетейік, өткен тәулікте елде 1 719 адам коронавирус жұқтырды. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 880 709-ға жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934218-matrica-qazaqstanda-2-megapolis-pen-3-oblys-qyzyl-aimaqta-tur/