RU

Цой елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанын хабарлады

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғанын, коронавирус жұқтырғандар саны 36 пайызға азайғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алексей Цойдың хабарлауынша, Қазастанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді.

"Кейінгі екі аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 36 пайызға төмендеді. Тамыздың екінші жартысынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын, өлім-жітім көрсеткіші 2,7 есе азайғанын көріп отырмыз", - деді министр.

Оның дерегінше, қазіргі таңда "жасыл" аймақта Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары тұр.

Еліміздің тағы сегіз өңірі "сары" аймақта.

Сондай-ақ "қызыл" аймақта Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары бар.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 1719 адамнан коронавирус анықталған еді. Жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 880 709-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934258-coi-elimizde-epidemiologiyalyq-axual-turaqtanganyn-xabarlady/