Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ауылдасын аңшы мылтығымен атқан ер адам ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысының Қызылағаш ауылында тұрғын өзгеге қарумен оқ атып, қамауға алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақсу ауданының полиция қызметкерлерінің жылдам әрекет етуінің нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.

"24 қыркүйек күні Ақсу ауданы Полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз адамнан Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылында оқ атылғаны жайында хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен Ақсу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сол ауылдың тұрғынына 16-калибрлі аңшы мылтығынан оқ тигенін анықтады.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды",- деді Ақсу АПБ бастығы полиция подполковнигі Дәурен Сәкенов.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында сол ауылдың 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның тіркелмеген қарудан оқ атып, қоғамдық орында қару қолдану арқылы денсаулыққа зиян келтіргені анықталды.

Күдікті ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Ақсу АПБ-нің уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934274-almaty-oblysynda-auyldasyn-ansy-myltygymen-atqan-er-adam-ustaldy/

pixel