jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Алматы жылыту маусымына дайын ба

Жылыту батареясы
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы қазандықтар жылыту маусымына толық дайын. Бұл туралы Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Евгений Пак мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, жылыту маусымына қалада 8 257 тұрғын үй, 443 білім беру және 91 денсаулық сақтау нысаны дайын.

"Жылыту маусымына дайындық мамырда басталды. Гидравликалық сынақтар жүргізілді, нәтижесінде 626 зақым анықталды. Оның барлығы толық қалпына келтірілді. 82 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілді, қазандықтарды ауыстырған кезде технологиялық және қосалқы жабдықтар жөнделді, газ жабдықтары ауыстырылды. Биыл Наурызбай ауданындағы Вокзал қазандығын, сондай-ақ "Премьера" қазандығында жөндеу жұмыстары басталды", - басқарма басшысы.

Айтуынша, қалада жылу ауа температурасы айтарлықтай төмендеген кезде бірден беріледі.

Сол кезде қаладағы 82 қазандықта жедел қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік етеді. Авария кезінде 13 жедел және жөндеу бригадасы жұмыс істейді.

Айта кетері, Алматыдағы үйлердің 94,5%-і жылуды есептеу құралына қосылған. Ал қалғаны барақ тәрізді немесе апатты жағдайда тұрған үйлер.

Бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жылу беру мерзімі қашан басталатынын айтты.

"Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, ауа температурасы +8°C және бес күн ішінде одан төмен болса, онда жылыту маусымының басталатыны белгілі. Алайда алдыңғы жылыту маусымындағыдай ауа райы салқын болса, жылыту маусымы ертерек басталуы мүмкін", - деді Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының денсаулығы қымбат болғандықтан, күн суық болған жағдайда жылу берілетінін атап өтті.

Алматы жылыту маусымына дайын ба

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.