Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі облыстардың бірінде карантин шектеуі жеңілдеді

Опубликовано:

Тұрғындар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ақтөбе облысы "сары" аймаққа өткеннен кейін өңірде карантин шектеуі жеңілдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері жаңа қаулы шығарды.

Қаулығы сәйкес, енді мешіт пен шіркеуге Ashyq жобасы енгізіліп, тек "жасыл" мәртебесі бар адамдардың кіруіне рұқсат етілді. Сонымен бірге мұндағы адамдар саны сыйымдылықтың тек 20%-ын құрауы тиіс.

Спорттық жарыстар кезінде көрерменнің кіруіне рұқсат берілді. Жанкүйерлер де Ashyq қосымшасындағы қауіпсіз мәртебесін көрсетеді немесе ПТР анықтамасын ұсынады.

"Конференция, форум, ойын-сауық, сондай-ақ, отбасылық, салтанатты, естелік, садақа және басқа да іс-шараларды өткізуге рұқсат. Ashyq қосымшасы арқылы адамдар "жасыл" мәртебесін көрсетеді немесе ПТР анықтамасымен өзінің вирус жұқтырмағанын дәлелдейді. Онда да адам саны 50-ден аспауы тиіс. Көрмелерге бір уақытта 200 адамның кіруіне рұқсат. Ашық алаңда марафон өткізуге болады. Адам саны 500-ден аспауы тиіс", - деп түсіндірді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934301-elimizdegi-oblystardyn-birinde-karantin-sekteui-zenildedi/

pixel