Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында 21 жастағы жігітке іздеу салынды

Опубликовано:

Жоғалған бала
Фото: polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері 21 жастағы жігітті іздестіріп жатыр. Жоғалған жігіттің әжесі көмек сұрап, құқық қорғау органдарына жүгінген деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, 27 қыркүйекте Бестөбе ауылының 72 жастағы тұрғыны Степногорск қаласының полиция басқармасына хабарласқан.

Ол 21 жастағы немересі Константин Повидті табуға көмектесуін сұраған.

Зейнеткер немересінің 20 қыркүйек күні түстен кейін үйден шығып кетіп, содан бері қайта оралмағанын айтқан. Өз бетінше іздеуге тырысқаны еш нәтиже бермеген.

Қазір полиция қызметкерлері жоғалған жігітті іздестіріп жатыр.

Константин Повидтің белгілері: бойы шамамен 160 см, орташа денелі, көзі сұр-көк, шашы қысқа ашық қоңыр, ішінде операциядан қалған тыртық бар, сақау, яғни "Р" әрпін дұрыс айта алмайды.

Жоғалған күні үстінде көк түсті күзгі күрте, қызыл футболка, қызыл жемпір, сұр трико, қара қалпақ және аяғында көк түсті аяқкиім болған.

Константин Повид жайлы қандай да бір ақпарат білсеңіз келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (7162) 72-32-98 немесе 102 желісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934374-aqmola-oblysynda-21-zastagy-zigitke-izdeu-salyndy/

pixel