Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы шағын және орта бизнесті автонесиелендіру бойынша үздік банкті білесіз бе

Опубликовано:

Eurasian Bank
Фото: Eurasian Bank

International Finance халықаралық журналы Еуразиялық банкті Қазақстандағы "Шағын және орта бизнес үшін ең үздік автонесие" номинациясы бойынша марапаттады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Шағын және орта бизнеске арналған автонесиелендіру - біздің банктің ең жоғары сұранысқа ие бағдарламаларының бірі. Біз кәсіпкерлерге өз бизнесін ілгерілетуге көмектесетін пайдалы және бірегей өнімді жасауға тырыстық. Марапат біз үшін жағымды тосын сый болды. Біз бұл несиелік бағдарламаны халықаралық сарапшылар мойындағанына қуаныштымыз. Коронавирустық пандемия кезінде бұл әсіресе өзекті мәселе, себебі бизнеске бұрынғыдан да көбірек қолдау қажет", - дейді басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Сатиева.

Еуразиялық банк Қазақстанда автонесиелендіру бойынша көшбасшы банк болып табылады және 2019 жылдың наурызында бизнес үшін көлік сатып алуға несие беру бағдарламасын іске қосты. Бүгінгі таңда банктің ШОБ портфеліндегі оның үлесі 21%-ы құрайды. Несиелендіру мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында да, Еуразиялық банктің жеке шарттары бойынша да қолжетімді.

"ШОБ Бизнес Авто" өнімі процестерді автоматтандырудың нәтижелі үлгісіне айналды. Онда несиелік өтінімді жеңілдетілген жолмен әрі жедел қарастыру әдісі қолданылады. Барлық процесс шамамен 30 минутты алады. ШОБ өкілдері жеңіл көліктерді, коммерциялық көліктер мен арнайы техникаларды 50 млн теңгеге дейінгі сомаға 60 айға дейінгі мерзімге тиімді мөлшерлемемен несиеге рәсімдей алады.

International Finance Banking Awards - инновациялар, инфрақұрылымды дамыту және клиенттерге бағдарлану бойынша көшбасшы болып табылатын банктердің салалық жетістіктері үшін берілетін марапат. Жеңімпаздарды әр түрлі елдердің салалық сарапшыларынан құралған зерттеу тобы үміткерлердің бағдарламаларын қарау және талқылау арқылы анықтайды. Марапаттау 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы № 1.2.68/242/40 лицензия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934414-qazaqstandagy-sagyn-zane-orta-biznesti-avtonesielendiru-boiynsa-uzdik-bankti-bilesiz-be/

pixel