jitsu gif

Пәкістанда өзін жаңа пайғамбармын деп атаған әйел өлім жазасына кесілді

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Пәкістанда өзін жаңа пайғамбар деп атаған Сальма Танвир есімді әйел "Құдайға тіл тигізді" деп айыпталып, өлім жазасына кесілді деп жазады The Independent.

Өзін Мұхаммедтен (с.ғ.с.) (ислам ілімі бойынша ол - соңғы пайғамбар және Алла елшісі-ред.) кейінгі пайғамбармын деп атаған Лахор тұрғыны бұған дейін мектеп директоры болып жұмыс істеген.

Ол Мұхаммед (с.ғ.с.) - соңғы пайғамбар және Алла елшісі деген нанымды жоққа шығаратын діни ілімнің өз нұсқасын жазды деп те болжануда.

2013 жылы жергілікті полицейлер дін қызметкерінің шағымы негізінде Танвирге қарсы Құдайға тіл тигізу дерегі бойынша іс қозғаған.

Ал 2021 жылдың 27 қыркүйегінде Пәкістан соты оны өлім жазасына кесіп және 50 мың рупий (шамамен 21 мың рубль) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.

22 беттен тұратын сот үкімінде мектептің экс-директоры өзінің іс-әрекетімен Мұхаммед пайғамбарды (с.ғ.с.) қорлағаны және өзінің психикалық ауруға шалдыққанын дәлелдей алмағаны сөз етілген.

Психикалық ауытқулары бары дәлелденген жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыптар алынып тасталуы мүмкін еді.

Сот отырысы кезінде сотталушының адвокаты әйелдің психикалық ауруға шалдыққандықтан, өз әрекеттеріне жауап бере алмайтынын алға тартып, сот үкіміне қарсылық білдірген. Десе де, айыптаушы "Танвирдің психикасында ешқандай ақау жоқтығы және оның сотқа қатыса алатыны көрсетілген" медициналық комиссияның анықтамасын ұсынған.

Басылымның жазуынша, 1987 жылдан бері Пәкістанда кем дегенде 1472 адам Құдайға тіл тигізгені үшін сотталған.

Мәселен, 2021 жылдың тамызында сегіз жасар бала діни әдебиеттер сақталған медресенің кітапханасында кілемге "қасақана" дәрет сындырды деп айыпталып, сотталған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.