Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Қазақстанның құрметті азаматы» жобасының жеңімпаздары қоныс тойын тойлайды

Опубликовано:

Жоба жеңімпаздары
Фото: BI Group

«Қазақстанның құрметті азаматы» жобасының жеңімпаздары - «Asar Ume» қоғамдық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев және жазушы-мотиватор Торғын Әбдіқайымова Алматыдағы Gulder тұрғын үй кешеніндегі Smart Remont арқылы жөнделген пәтерлерін алды.

BI Group инновациялық құрылыс холдингінің елімізде «Қазақстанның құрметті азаматы» атты ауқымды қайырымдылық жобасын жүргізгенін естеріңізге сала кетейік, оның мақсаты қоғамның құрметті азаматтарын, батырларын анықтау және оларға жаңа үйдегі екі бөлмелі пәтерлерді сыйға тарту болып табылады. Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен холдингтің 25 жылдығына орай NUR.KZ сайтының ақпараттық қолдауымен ұйымдастырылды. Көпшіліктің SMS-пен дауыс беруі арқылы «Қазақстанның құрметті азаматы» жобасының екі қатысушысы анықталды, ең көп дауыс жинаған - Асхат Нұрмашев пен Торғын Әбдіқайымова.

Асхат Нұрмашев
Фото: BI Group

Асхат Нұрмашев қайырымдылықпен айналысады, жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетеді. Оның жобасының арқасында 85-тен астам отбасы мен 530-дай бала өз үйлеріне қол жеткізді. Торғын Әбдіқайымоваға "бұлшықет дистрофиясы" диагнозы қойылған, бұл қимыл-қозғалыстың жоғалуына әкеледі. Алайда Торғын үмітін үзбейді, ол – «Кеш қалма!» (Не упускай шанса!) және «Араша» (Да будет вам!) кітаптарының авторы, инклюзивті радиода авторлық бағдарламасын өзі жүргізеді, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетеді.

Жоба жеңімпаздары
Фото: BI Group

«Жақсылық жаса және оның әрқашан қайтымы болады» деген сөз бар, бірақ мен ештеңе күтпей-ақ жақсылық жасау керек дегенге сенемін. Байқаудың ұйымдастырушыларына және қолдап дауыс бергендердің барлығына ризамын. Жүргізілген жұмыстар үшін BI Group тобына үлкен алғыс айтамын. Олар жөндеуге өте жауапкершілікпен қараған, соңын нәтижесінде пәтер ойымдағыдан да керемет болып шықты», - деді Асхат Нұрмашев.

Асхат Нұрмашев
Фото: BI Group

«Егер де маған ескі пәтер немесе жөндеусіз пәтер берсе де, мен бақытты болар едім, бірақ бүгін BI Group өзінің сыйлығына қандай ұқыптылық танытқанын көрдім. Асүй толықтай жиһаздалған, тек көшіп келу ғана қалды. Жөндеудің бағасы мен күрделілігіне қарамастан, компания менің ерекше қажеттіліктерімді ескере отырып, менің ыңғайлы қозғалуым үшін бөлмелердің орналасу жоспарын қайта жасап шықты. Бұл – нағыз ғажайып. «Қазақстанның құрметті азаматы» жобасы менің өмірімдегі ұмытылмас сәттердің бірі болып табылады. Жобаға қатыстылардың барлығына шексіз ризашылығымды білдіремін», - деп Торғын Әбдіқаимова бөлісті.

Жобаның бірінші кезеңіне қатысуға 2500-ден астам өтінім берілді, олардың арасынан тәуелсіз сарапшылар, яғни Dauletten қайырымдылық ұйымының өкілдері шорт-листке 10 үміткерді іріктеп алды. Барлық финалистер де ұлттық батырлар болып табылады, олардың әрқайсысы қоғамның дамуына баға жетпес үлес қосты, елі үшін жан аямай әрекет жасады немесе маңызды жобаларды іске асырды. Ал дауыс беруге 60 мыңнан астам қазақстандық қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934450-qazaqstannyn-qurmetti-azamaty-zobasynyn-zenimpazdary-qonys-toiyn-toilaidy/

pixel