Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік ару вакцинация паспортын киіміне жабыстырып алды (видео)

Опубликовано:

Диана Идрис
Фото: instagram.com/diana.idris

Шымкенттік блогер Диана Ыдырыс киіміне вакцинация паспортының суретін шығарып, жабыстырып алған. Бойжеткен неліктен мұндай қадамға барғанын айтып берді деп хабарлайды Otyrar.kz.

Диананың сөзінше, ол ерекше принт арқылы азаматтарға вакцнация - тек қажеттілік емес, өзіңді, жақындарың мен айналаңдағы адамдарды қорғау мүмкіндігі екенін жеткізгісі келген.

Киімге жабыстырылған вакцина паспортын жұрт әртүрлі қабылдаған. Бірі бойжеткенге қолдау көрсетсе, енді бірі мұндай образды түсінбеген көрінеді.

Дегенмен, блогер көпшіліктің ішінен бірден көзге түседі. Оның сөзінше, бұл үрдіс адамдар арасында танымал болуда.

"Мен вакцинация паспортының суретін шығарып, киіміме жабыстырып алдым. Өзімнің жеке деректерімді ешкімнен жасырмаймын. Менің мәртебем "жасыл". Адамдар суретті байқаған бетте жымия бастайды. Әсіресе, Ashyq қосымшасымен жұмыс істейтіндер езу тартады", - дейді блогер.

Диананың бұл киімі QR-кодты сканерлеуден құтқара қоймапты. Тіпті, паспорттың түпнұсқа екеніне күмәнмен қарайтындар да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934468-symkenttik-aru-vakcinaciya-pasportyn-kiimine-zabystyryp-aldy-video/

pixel