Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәтер сыйлап, жол салуда: Атырауда жұрттың қамын ойлайтын жомарт азамат пайда болды

Опубликовано:

Атырау
Кадр: almaty.tv

Атырау облысында жұрттың қамын ойлап, көпшілікке көмектесіп жүрген жомарт азамат пайда болды. Жергілікті кәсіпкер 30 жыл үйсіз-күйсіз жүрген жалғызбасты анаға баспана сыйға тартқан. Одан бөлек, тағы 150 адамды жұмыспен қамтып, "Туған жер" бағдарламасы аясында ауылына жол төсеген деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Атырау облысына қарасты Махамбет ауданындағы жергілікті білім ордасында ұстаздық еткен Әлия Қаленова мүгедек баласымен 30 жыл бойы мектеп қабырғасын паналап келген.

Әлия Қаленованың тұрмыстық жағдайына бей-жай қарамаған жергілікті кәсіпкер Әділ Жұбанов өзіне ұстаз болған жанға үй алып берген.

"Ескі үйім құлайын деп тұрды. Ол ескі мектептің ғимараты еді. Онда 30 жыл тұрдым. Енді өте қуаныштымын. Қуанышым жүрегіме сыймады", – дейді Әлия Қаленова.

Қолы ашық кәсіпкер өзге ауылдастарын да назардан тыс қалдырмаған. Мәселен, көпбалалы жалғызбасты ананың бірі Маргарита Сейталиева да бұған дейін төрт баласымен тума-туысын паналап, 2 жыл жатақханада тұрған.

Бүгінде ол балаларымен бірге жомарт азамат сыйға тартқан қала орталығындағы пәтерде тұрып жатыр.

"Көгеріп жатқан үйде тұрдық. 8 наурызда осы үйді берді. Бұрынғы үй адам тұратындай емес еді", – дейді Маргарита Сейталиева.

Ал Айман Сәлиева 4 жылға несие алып, пандемия кезінде кірісі болмай, уақытылы төленбеген қарызының үстеме пайызын өсіріп алған. Кәсіпкер жалғызбасты ананың жағдайын түсініп, қарызын жауып берген.

"Сол кездерде несиемді төлей алмай жатқан едім. Жағдайымды айттым. Ол маған несиені жабуға бірден көмектесті", – дейді жалғызбасты ана Айман Сәлиева.

Сондай-ақ, Әділ Жұбанов "Туған жер" бағдарламасы аясында ауылына жол төсеп, мектеп салуда. Сонымен қатар, Исатай мен Махамбет аудандарындағы әлеуметтік жобалардың іске асуын да өз мойнына алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934470-paterler-syilap-zoldar-men-mektepter-saluda-atyrauda-zurttyn-qamyn-oilaityn-zomart-azamat-paida-boldy/

pixel