Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында патроны бар Германияның екі азаматы ұсталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

28 қыркүйекте Алматы әуежайында Германияның екі азаматы – 64 жастағы ер адам мен 43 жастағы әйел ұсталды. Оларды тексеру кезінде патрон табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі азамат та Қазақстанға "Алматы-Франкфурт" рейсімен келгені хабарланды.

Оларды тексеру кезінде 30-06 мм және 300 мм калибрлі патрондар табылды.

Оларға қатысты әкімшілік кодекстің 484-бабы 1-бөлігі "Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу" бойынша хаттамалар жасалды.

Нәтижесінде Германия азаматтарының әрқайсысына 10 АЕК, яғни 29 170 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, дәл сол күні әуежайда электр шокерімен ұшаққа отыруға әрекеттенген Алматы облысының 1979 жылы туған тұрғыны ұсталғаны айтылды. Ұшақ Нұр-Сұлтанға ұшуы керек еді.

Аталған факті бойынша әкімішілік кодекстің 482-бабы "Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы" бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Электр шокері тәркіленіп, сот-электр техникалық сараптамаға берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934536-almaty-auezaiynda-patrony-bar-germaniyanyn-eki-azamaty-ustaldy/

pixel