Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына сөгіс жарияланды

Опубликовано:

Маңғыстау
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысының бірқатар лауазымды тұлғаларына "Nur Otan" партиясының жол картасын тиісті деңгейде жүзеге асырмағаны үшін сөгіс жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 қыркүйекте, Маңғыстау облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен партияның облыстық филиалында саяси кеңес бюросының отырысы өтті.

"Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары мен бірқатар аудан әкімдеріне сөгіс түріндегі партиялық жаза жарияланды", делінген хабарламада.

Күн тәртібінде "Nur Otan" партиясының "Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қаралды.

Жоспарға әлеуметтік нысандардың құрылысы, жол инфрақұрылымы, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту және тағы басқа 112 шара енгізілген.

Аталған жобалардың толық және мерзімінде орындалуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етпек.

Отырыста аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшылары тыңдалды.

Саяси Кеңесі Бюро отырысында бекітілген жол картасының Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды міндеттемелерін орындау аясында "Nur Otan" партиясының облыстық, қалалық, аудандық сайлауалды бағдарламаларына жүйелі мониторинг ұйымдастырылған.

Облыста және аудандар мен қалаларда арнайы штаб құрылып, жұмыс істеуде.

Жалпы алғанда, осы жылдың 8 айында өңірлік және аумақтық сайлауалды бағдарламаларына жүргізілген талдау нәтижесінде барлығы 112 іс-шараның 41-і орындалды, 6-ы орындалу сатысында, алтауының  орындалмау қаупі бар, 4-і ауыстыруды қажет етеді.

"Бұл жұмыстарға мемлекеттік орган басшылары жауапты. Халық бізден жол картасын сапалы жүзеге асыруды күтеді, сондықтан біз өзімізге артылған сенімді ақтауға міндеттіміз. Жоспардың орындалмауы әкімдер мен басқарма басшылары арасында ішкі байланыстың жоқтығын көрсетіп тұр. Бұл іске деген жүйелі жұмыстың жоқтығы. Бәріміз бір бағытта жұмыс істеуіміз керек. Сонда ғана алдымызға қойылған міндеттерді орындап, өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдаланатын боламыз", - деді Нұрлан Ноғаев.

Отырыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына, Қарақия және Бейнеу аудандарының әкімдеріне "Nur Otan" партиясының жол картасын дұрыс бақыламағаны және тиісінше орындамағаны үшін сөгіс түрінде партиялық жаза берілді.

Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға өздеріне жүктелген міндеттерді мерзімінде орындауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934541-mangystau-oblysy-akiminin-birinsi-orynbasaryna-sogis-zariyalandy/

pixel