Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қалай ұстауда

Опубликовано:

Базар
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы айтты деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргіземіз: қатысушылардың санын және "айналым тетігі" жобасы бойынша сауда желілеріне бөлінетін соманы көбейтеміз, маусымдық жәрмеңкелер өткіземіз, жеке инвестициялар есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет бірқатар ірі жоба құрылысын жүргіземіз. Осыған орай сауда желілерінің, базарлардың, өнім өндірушілердің өкілдерімен кездестім.
Жиналыс
Фото: astana.gov.kz

Бірінші. "Айналым тетігі" жобасы бойынша 2020-2021 жылдары азық-түлік сатып алуға желі сатушыларына 2,7 млрд теңге бөлінді. "Айналым тетігі" жобасына мына желілер қатысады: "Magnum", "Анвар", "Астықжан", "Кенмарт", "Вкусмарт", "Аян", "Ақмол", "Шапағат", "Small", "Сарыарқа" базарлары мен бірқатар дүкен. Жыл сайын қаржыландыру көлемін арттырамыз.

Екінші. Ет, көкөніс, бакалея және сүт өнімдері бойынша бірқатар өндірушімен, жеткізушілермен шарттар жасастық. Сондай-ақ, шамамен 14 мың тонна көкөніске келісімшарт жасалды. Көкөністерді, ұнды, сиыр етін және т.б. қосымша сатып алу мәселесін пысықтап жатырмыз.

Үшінші. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерді жиі өткізу бағаны ұстап тұруға, нарықтағы бағадан арзан сатылатын өнімді ұсынуға, нарықты өнімдермен қамтамасыз етуге көмектеседі. Ел өңірлерінің қатысуымен жәрмеңке 22 тамызда басталып, қазан айының соңына дейін жалғасады. Өткен жәрмеңкелерде 2 мың тоннадан астам өнім сатылды.

Төртінші. Жеке инвестициялар есебінен азық-түлікті қамтамасыз ету үшін бірқатар ірі, маңызды жобаның құрылысы жүріп жатыр. Олардың қатарында үш көтерме-тарату орталығы, екі жылыжай кешені, нан-тоқаш комбинаты бар. Сонымен қатар, сүт өңдеу зауыты, нан-тоқаш комбинаты, көкөніс қоймасы сияқты өндірістік-тамақ кешендерінің құрылысна қолдау көрсетілді.

Базар
Фото: astana.gov.kz
Аталған шаралар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, нарықты жергілікті тауармен қамтамасыз етуге, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді" , – деп жазды елорда әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934583-elordada-aleumettik-manyzy-bar-azyq-tulik-bagasyn-qalai-ustauda/

pixel