Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атырауда дәрігерлерге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Опубликовано:

сот
Көрнекі фото: jasqazaq.kz

Атырауда тоңазытқышта қайтыс болған сәби өліміне күдікті дәрігерлерге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» дәрігерлеріне қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі өзгеріссіз қалды.

"Бұдан бұрын бірінші сатыдағы сот үкімімен «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» кәсіпорны директоры К.Нысанбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі 3,7,14-тармақтарымен (алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен дәрменсіз күйдегі кәмелетке толмаған адамды өлтіру), 361-бабы, 1- бөлігі (лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану), 24-бабы, 3-бөлігі, 367-бабы, 2-бөлігі (пара беруге оқталу) кінәлі деп танылып, оған 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы,​ кезекші дәрігер А.Қайыржан және акушер Ж.Кулбатирова Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 3,7,14-тармақтарымен кінәлі деп танылып, А.Қайыржанға 16 жыл, Ж.Кулбатироваға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, неонатолог-дәрігерлер Д.Джумабаева, Р.Нурмаханбетов Қылмыстық Кодексінің 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) кінәлі деп танылып, оларға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сотталушылардың кінәсі бірінші инстанция сотында зерттелген дәлелдемер жиынтығымен, куәгерлерлдің жауабымен, сараптама қорытындысымен толығымен өз дәлелін тапқан" , -деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.​

Сот алқасы сотталғандардың қылмыс жасағаны өз дәлелін тапқаны, жазаның түрі мен мерзімі жасаған әрекеттеріне, заң талаптарына сай тағайындалғаны туралы тұжырымға келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934586-tonazytqystagy-sabi-olimi-atyrauda-darigerlerge-qatysty-sot-ukimi-ozgerissiz-qaldy/

pixel