Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байзақта қаза тапқан марқұмдардың барлық несиелері өтелді

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Байзақ ауданында орын алған төтенше жағдай салдарынан қаза тапқан әскерилер мен құтқарушылардың отбасыларына тиісті барлық әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.

Аймақ басшысы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, марқұмдардың және олардың отбасыларының банктегі, қаржы ұйымдарындағы берешектерін өтеу бойынша жұмыстар жүргізілгенін жеткізді.

"Үкімет, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жамбыл облысының әкімдігімен, банктермен және өзге де қаржы ұйымдарымен бірлесіп қаза тапқандар отбасыларының борыштық жүктемесін азайту жөнінде шаралар қабылдады.
Банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен жүргізілген жұмыс нәтижесінде қайтыс болған қарыз алушылар мен қалған жесірлердің берешектерін толық көлемде есептен шығару жөнінде бірыңғай шешім қабылданды. Бүгінгі таңда 47 қарыз бойынша барлық берешектер өтелді",- деді Сапарбаев.
Байзақ ауданы
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек қаржылай түрдегі көмектер көрсетілген.

Атап айтсақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және республикалық бюджет қаражаты есебінен 14 отбасына асыраушысынан айырылу бойынша 76-мыңнан 260 мың теңгеге дейінгі ай сайынғы жәрдемақы тағайындалды. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап белгіленген бұл жәрдемақының мөлшері отбасы асырауындағы адамдар санына қарай төленеді.

"Үкіметтік қордан қаза тапқандардың әр отбасына 10 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетуге жалпы 170 миллион теңге сомасында қаражат бөлінді. Сол секілді, облыстық бюджет (әрбір отбасына 5 миллион теңге) есебінен материалдық көмек көрсетуге 85 миллион теңге қаралды. Бұл қаражаттар толық көлемде қаза тапқандардың шоттарына аударылды" ,- деді облыс әкімі.

 Қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан әскерилердің соңғы атқарған лауазымы бойынша еңбекақысына байланысты бес жылдық ақшалай қамтылым мөлшерінде мұрагерлеріне біржолғы өтемақы төлеу жүргізілетін болады.

Байзақ ауданы
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934597-baizaqta-qaza-tapqan-marqumdardyn-barlyq-nesieleri-oteldi/

pixel