Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да 69 шетелдік азамат қазақстандық құжаттарды қолданып келген

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері биыл 3800-ден аса бұзушылықты анықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көші-қон қызметінің қызметкерлері биыл көші-қон заңнамасын бұзуға қатысты 3800-ден аса деректі анықтаған. Басым бөлігі, яғни 3 167-сі - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы «Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұруға» қатысты. Бұдан бөлек, ел аумағында болу қағидаларын бұзудың 447 дерегі анықталды.

«Ел аумағында болу қағидаларын бұзу негізінен рұқсат етілген келу мерзімдерін сақтамауға және келу мақсатының сәйкессіздігіне байланысты. 28 адам заңмен белгіленген бір ай мерзімде басқа азаматтық алғаны туралы хабарламаған. Тағы 69 адам шетел азаматтығын алғанымен, қазақстандық құжаттарды қатар қолданып келген», - дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 37 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапқа тартылды.

«Қабылдаушы тарап үш жұмыс күні ішінде басқа мемлекеттердің азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың келгендігі жайында ішкі істер органдарын хабар етуі тиіс. Көші-қонға байланысты сұрақтар туған жағдайда аумақтық көші-қон қызметіне жүгінуге болады. Петропавлда: 8 (7152) 34-00-50 телефон нөміріне, сондай-ақ сыртқы көші-қон мәселелері бойынша 8 (7152) 34-00-23, азаматтық мәселелері бойынша 8 (7152) 34-00-35 телефондарына хабарласуға болады», - дейді Талғат Әбілов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934627-sqo-da-69-seteldik-azamat-qazaqstandyq-quzattardy-qoldanyp-kelgen/

pixel