Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан бес адам ажал құшты (фото, видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орнынан фото:: t.me/astanovka98

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласында болған жантүршігерлік жол апатының фото-видеолары тарады. Кадрлардан сау-тамтығы қалмаған көліктер мен жол бойында жатқан адамдарды байқауға болады. Оқиғаға қатысты мән-жайды елорданың полиция департаменті баяндады.

Жол апатына қатысты ақпарат Astanovka98 Telegram арнасында пайда болды. Автор оқыс оқиға Сарайшық көшесінің бойындағы көпірде болғанын айтады. Куәгерлердің сөзінше, жол апатынан адамдар ажал құшқан. Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісіндегі za_rulem_astana парақшасында да жарияланды.

NUR.KZ тілшісі ресми мәлімет алу үшін Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне жүгінді.

"30 қыркүйек күні сағат 00:34 шамасында Toyota Camry көлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай кетіп бара жатқан. Жылдамдық режимін сақтамаған ол рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кеткен. Осылайша, 28 жастағы жүргізушісі басқарған Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан бес адам қайтыс болып, бір адам зардап шекті. Дәлірек айтқанда, екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Toyota Camry көлігіндегі бір жолаушы ауыр халде қалалық ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345- бабы 4- бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және жолда қырағы болу қажет екенін еске салады",- делінген полиция хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934676-nur-sultanda-zantursigerlik-zol-apatynan-bes-adam-azal-qusty-foto-video/

pixel